Келіссөз барысындағы шаралар қала бюджетіне түсетін салмақты азайтуға және үнемделген қаржыны Шымкент қаласының дамуына бағыттауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуіне байланысты, көптеген нысандар Түркістан облысының балансына өткен болатын. Алайда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар маңызды нысандарды қайта қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келіссөздер жүргізді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласындағы "Қиял әлемі" технопаркі мемлекет меншігіне өтетіндігі хабарланған еді. Шымкент қалалық сотының қаулысы түпкілікті дайын болғаннан кейін, Әкімдік тарапынан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында ҚР Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылыстарды өз есебінен бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап-арыз сотқа жолданатынын хабарлаған болатын Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.