Осы жылы 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында биыл 2500-ге жуық пәтер
пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ағымдағы жылы құрылыс басқармасы тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде кредиттік 53 үй (3 176 пәтер), арендалық 26 үй (1 656 пәтер).
Биыл 2 432 пәтерлі 39 үй пайдалануға беріледі:
- кредиттік 33 үй (2 096 пәтер, 122 мың м2);
- арендалық 6 үй (336 пәтер, 19 мың м2).
Тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.
Бүгінге дейін 33 кредиттік үйдің 13-і пайдалануға тапсырылды. Ал қалған 20 тұрғын үйдің (1256 пәтер) құрылысы жыл қорытындысымен аяқталу жоспарланған.
Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 6 арендалық үй (336 пәтер) осы жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға тапсырылады.
Айта кетейік, осы жылы 4 мектептің (1920 орын) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.