Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалғаны тек 23 мың тұрғыны бар Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз.
Өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді (Сайрам 1,2 және 3 кезек, Бозарық 1,2,3-кезек, Қайтпас-1, Ақжайық, және 242 жер учаскесі 20 үйі бар Тұранмен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы). Оның 6-ының құрылысы өткен жылдың соңында аяқталды (Сайрам 1,2 және 3-кезек, Бозарық 1,2,3 кезек, Қайтпас-1). Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 27 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізді.
Биылға 4 нысан өтіп, (Ақжайық, Тұранмен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы, Құрсай 1,2 кезек,) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оған қосымша биыл Қызылжар елді мекенінде де ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды.
Жалпы, Шымкент қаласы аумағында 7 186,7 шақырым ауыз су құбыры бар. Оның 5 080 шақырымы «Су құбыры және канализация басқармасына» қараса (тозу деңгейі — 4,6 пайыз), ал, 1 929 шақырымы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне (тозу деңгейі — 56,5 пайыз) тиесілі.
Су көздерінің қуаттылығы тәулігіне 460 мың текше метрді құрайды. Қала халқының орташа тұтыну көлемі — тәулігіне 145 мың текше метр.