Шымкентте дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан әйел ұсталды

0
1 054

Ол «Меропенем» дәрісін 13 мың теңгеден сатқан.


Шымкентте дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан әйел ұсталды

Шымкентте заңсыз дәрі-дәрмек сатқан әйел ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан қоғам белсенділерінен Жұмысшы топ құрылып, күнделікті мегаполис дәріханалары мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына мониторинг жүргізген болатын.

Нәтижесінде, дәріні заңсыз, қымбат бағада сату фактісі бойынша қала тұрғыны ұсталды. Ол «Меропенем» дәрісін 13 мың теңгеден, 20 данасын, жалпы сомасы 260 мың теңгеге сату кезінде құрықталды.


Өздеріңізге мәлім, Шымкент қаласына шет елдерден жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсуде.

Одан бөлек Қытай және Катар мемлекеттерінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық заттар «СК Фармация» қоймаларына келуде. Жұмысшы топ ол заттарды есептеп, ауруханалар мен дәріханаларға жеткізілуін қамтамасыз етуде.

Қазіргі таңда Департамент басшылығы Жұмысшы топпен бірлесе 100-ден аса дәріханалар мен 4 қоймаларға мониторинг жүргізді.
«Зерде» дәрілік заттар қоймасына барып, келіп түскен "Дексаметазон" (60900 дана), "Парацетамол" (50 000 дана), "Эуфиллин" (100 000 дана), "Офлодик" (30 000 дана) дәрілерінің дәріханаларға жеткізілуін сүйемелдеді.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс, шағымдарыңызды 8702 000 24 94 және 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдай аласыздар.