Шымкентте дәрігерлер шала туылған нәрестені аман алып қалды

0
165

Жас ана баласының өміріне араша түскен ақ халаттыларға дән риза.


Шымкентте дәрігерлер шала туылған нәрестені аман алып қалды

Шымкентте қалалық №2 аурухананың дәрігерлері 104 күн бойы күресіп, ай күні жетпей ерте туылған сәбиді аман алып қалды.

2025 жылдың 17 маусымында Мұхаммедали есімді нәресте жүктіліктің небәрі 26 аптасында салмағы 680 грамм, бойы 32 см болып дүниеге келген. Мамандар мұны экстремалды шала туу, өмірге аса қауіпті жағдай ретінде бағалайды.

Алғашқы күннен-ақ дәрігерлер шұғыл түрде тыныс жеткіліксіздігі, қан кету, инфекция түріндегі ауыр диагноздарға қарсы ем-шаралар жүргізді. Нәресте жансақтау бөлімінде аппарат көмегімен тыныс алып, тәулік бойы жіті бақылауда болды.
Салмақ қосып, жағдайы жақсарған Мұхаммедали патология бөлімінде емін жалғастырған. 41 аптада 2490 грамм салмаққа жеткен сәби үйге шығарылды. Жас ана баласының өміріне араша түскен ақ халаттыларға дән риза.
Бөлісу