Шымкентте денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба жүзеге асты

0
1 945

Бұл жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.


Шымкентте денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба жүзеге асты

Шымкентте биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде салалық басқарма мамандары мәлім етті.

Бұл жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.

Олардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана базасындағы терапия және гемокоррекция орталығы болса, екіншісі "Медикер-ЮК" ЖШС-нің халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшін қалалық емхана құру жобасы.

Сондай -ақ, "Қайтпас" шағын ауданындағы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана мен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобалары бар. Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қалалық онкологиялық орталығы базасында ПЭТ орталығының қызметтері ұсынылуда.