​Шымкентте денсаулық сақтау саласының 7 айлық қорытындысы талқыланды

0
107

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметі, инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың І жартыжылдық қорытындылары, туберкулезге қатысты эпидемиологиялық көрсеткіштер қаралды.


​Шымкентте денсаулық сақтау саласының 7 айлық қорытындысы талқыланды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен «Денсаулық сақтау саласының 7 айлық қорытындысы» тақырыбында Алқа отырысы өтті.

Жиынға Денсаулық сақтау басқармасы мен департамент басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының м.у.а. Сауле Сансызбайқызы саладағы 7 айда атқарылған жұмыстар мен басым бағыттарды баяндады.
“2023–2025 жылдары қалада 14 жаңа емхана ашылып, емханалардың орташа жүктемесі 25 мыңнан 21 мыңға дейін азайды. Ауруханалардың төсек орын саны 2024 жылы 4436 болса, 2025 жылы 4894-ке жетіп, 10%-ға артты. Кешенді жоспарға сәйкес Шымкент қаласы республика деңгейінде “жасыл аймақта” тұр, алайда емханалардағы индикаторлардың орындалуы қатаң бақылауда”-деді.
Сондай-ақ, баяндамашы кейбір медициналық ұйымдарда көрсеткіштердің жоғары екендігін атап өтіп, ана мен бала денсаулығын қорғау, қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау, онкологиялық дерттерді бастапқы кезеңде диагностикалау, жедел жәрдем мен алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді.
Жиында сонымен бірге медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметі, инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың І жартыжылдық қорытындылары, туберкулезге қатысты эпидемиологиялық көрсеткіштер қаралды.
Қорытындысында саладағы оң нәтижелермен қатар шешімін күткен өзекті мәселелер бар екені айтылып, оларды жүйелі түрде шешу міндеттері белгіленді.
Бөлісу