Ғасырлық тарихы бар газет өкілдері оқырманымен жүздесті.
Шымкент қалалық «Отырар» кітапханасында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдығына орай редакция мүшелерінің қатысуымен Шымкенттік оқырмандарымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған басқосудың негізігі мақсаты – ел тарихында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің алатын орны мен оның маңызын оқырмандар мен жас ұрпаққа жеткізу.
Атап айтсақ, «Egemen Qazaqstan»республикалық газеті 1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда «Егеменді Қазақстан» болып өзгертілген. Бұл кезеңде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді, ал «Егеменді» – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңадан ене бастаған сөз еді. Содан кейін, 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы «-ді» жұрнағы алынып, «Егемен Қазақстан» болып өзгерген. Ал, «Егемен Қазақстан» газетінің іргетасы 1919 жылы 17 желтоқсанында қаланып, Орынборда алғашқы саны «Ұшқын» газеті болып жарық көрген.дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі