Мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады.
Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық — эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте 121 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Індет жұқтырғандардың ішінде белгілері бар - 81, белгілері жоқ - 40 науқас тіркелді. Індет жұқтырған 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 87 адам үй бақылауына алынды.
Денсаулық сақтау басқармасы Шымкент «қызыл аймақта» екенін және ковид жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Сондай-ақ, инфекцияға қарсы екпе алуға кеңес береді.
Айта кетейік, бір тәулік ішінде қалада 9462 адам вакцина алған. Бірінші компонентін 9215 адам алса, 247 адам екінші компонентін салдырған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 55 868 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6742 адам вакцинаның екі компонентін алды.