Шымкентте ерекше спортшылар арасында спартакиада басталды

0
439

Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы қатысады.


Шымкентте ерекше спортшылар арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарыс паралимпиадалық емес 5 спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы қатысады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайыстың ашылу рәсіміне қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына жоспарланған. Тартысты бәсекелер «Көрме» орталығы мен Шымкент қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтеді.
21 қыркүйек күні барлық спорт түрі бойынша іріктеу бәсекелері бастау алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 25 қыркүйек күні анықталады.