Шымкентте ерекше жандарға 38 инватакси қызмет көрсетеді

0
58

Бүгінде 38 арнайы көлікке 446 өтініш қабылданып, тұрғындар тұрақты тасымалдануда.


 Шымкентте ерекше жандарға 38 инватакси қызмет көрсетеді

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Инватакси» қызмет көрсетеді.

Бүгінде 38 арнайы көлікке 446 өтініш қабылданып, тұрғындар тұрақты тасымалдануда.

Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 163 бала бар: 40 балақай – балабақшаға, 29 жеткіншек – колледждер мен жоғары оқу орындарына, 94 оқушы арнайы мектептерге жеткізіледі.
Ал арнайы қызмет алатын 286 ересек адамның арасында 49-ы – жұмысқа, 77-сі – диализ процедураларына, 132 адам оңалту орталықтарына тұрақты қатынап жүр. Сонымен қатар, 25 спортшы да бар.
Әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында 2025 жылы инватакси көліктерінің саны 28-ден 38-ге дейін ұлғайтылды. Бұл – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам.
Инватакси қызметі дәрігерлік-консультациялық комиссияның (МӘС) жарамды қорытындысы негізінде ұсынылады.
Сонымен қатар, мегаполисте тірек-қимыл аппараты бұзылған І және ІІ топтағы 4 435 адамға мемлекет тарапынан ай сайын 5 АЕК мөлшерінде (21 625 теңге) әлеуметтік төлем қарастырылған.
Бұл бастамалар – инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты істердің көрінісі.
Бөлісу