Мамандар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайдағы әрекет ету ережелерін түсіндірді.
Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп, арнайы рейд өткізді.
Қаламыздағы тұрғын үй секторында жүргізілген іс-шараның мақсаты – қауіпсіздік талаптарын пысықтау.
Іс-шара барысында төтенше жағдай туындаған кезде өрт сөндіру және арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету барысы, үйлерге, әлеуметтік нысандарға баратын жолдар мен өрт сөндіру гидранттарына қолжетімділік тексерілді.
Сондай-ақ, мамандар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайдағы әрекет ету ережелерін түсіндірді.
Мамандар ескертеді:
Құрметті тұрғындар!
Аула ішіндегі жолдардың бітелуі құтқарушылардың жедел әрекет етуіне кедергі келтіретінін қаперде сақтаңыздар. Есіңізде болсын, бүгін сіз босатқан жол ертең бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.


