Шымкентте ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейген

0
1 458

2018 жылдың 11 айында Шымкент қаласында 2393 неке бұзылған.


Шымкентте ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2019 жылдың 11 айында 2605 ерлі-зайыптының некесі бұзылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, 2018 жылдың 11 айында Шымкент қаласында 6390 неке қиылып, оның 2393-і бұзылған. Ал, 2019 жылдың басынан бері отау құрған отбасылардың саны 7437-ге жетіп, 2605 ерлі зайыптылар ажырасқан. Демек, 2019 жылдағы ажырасу көрсеткіші 2018 жылдың көрсеткішінен көп болып отыр. Бірақ, АХАТ бөлімінің мамандары ажырасу жағдайларына көбіне қандай себеп болатынына жауап бере алмады.

Сондай-ақ, аталған мерзім ішінде АХАТ бөлімі әке болуды анықтау бойынша 2883, бала асырап алу бойынша 136 және атын, әкесінің атын және тегін өзгерту бойынша 369 жағдайды тіркеген.

Сонымен қатар, жалпы санына тоқталсақ, 2018 жылдың 11 айында 53 061, ал 2019 жылдың 11 айында 57 563 азаматтық хал актілері тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұдан бөлек, АХАТ бөлімімен қаралған заң органдарынан келіп түскен сұраныстар, ХҚКО арқылы куәліктерді қайталама беру, азаматтық хал актілеріне жазылған анықтамалар, акт жазбаларына түзету енгізу жөнінде түскен хабараламалар, акт жазбалар көшірмесін беру, түзету, толықтыру, өзгерту туралы күрделі істер және ұлттық тарихи дәстүрге байланысты арыздар мен хаттар саны – 2018 жылы 17 075-ке және 2019 жылы 15 877-ге жеткен.