Шымкентте есімдері ерекше үшем дүниеге келді

0
558

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.


Шымкентте есімдері ерекше үшем дүниеге келді

ERNUR.KZ. Шымкентте үшем туылды. 20 жастағы қала тұрғыны Арайлым Сәрсенбай алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді.


Жас ананы 10-қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925,1625,1900 грамм аралығында, бойы 43-47 см аралығында.


Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль – Сафи деген ерекше есім берген.

Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды, деп хабарлады Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы.