Шымкентте есірткі құралдарын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында кемшіліктер анықталды

0
545

Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланатын қажетті өтінімдерде көрсетілуі тиіс нақты жеткізу мерзімдері келісім-шарттарда көрсетілмеген.


Шымкентте есірткі құралдарын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында кемшіліктер анықталды

Шымкент қаласындағы «Адал көмек» жобасы аясында есірткі құралдарын медициналық мақсатта пайдалану тәжірибесі зерделенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындардан түсетін шағымдарының бірі – қатаң бақылаудағы «Морфин» және «морфин гидрохлориді» препараттарымен медициналық мекемелердің жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуі.
Ауруханалар мен емханаларды морфинмен қамтамасыз ету процедураларына жүргізілген талдау нәтижесі тапсырыс берушілер мен Бірыңғай дистрибьютор тарапынан қызметті ұйымдастыру барысында жол берілетін бірқатар кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.
Атап айтқанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланатын қажетті өтінімдерде көрсетілуі тиіс нақты жеткізу мерзімдері келісім-шарттарда көрсетілмеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті өткізген мониторинг нәтижесінде, жекелеген медициналық мекемелер өтінімдерде морфинді жеткізу мерзімдерін көрсетпейтіні, сондай-ақ қаланың мемлекеттік емханалары арасында дәрі-дәрмектерді қайта бөлу бойынша шаралар қабылданбайтынын көрсетті.
Сонымен қатар, есірткі құралдарын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында нормативтік олқылықтар анықталды. Онда дәріханалардың ассистенттік бөлмесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) тізімнің II кестесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттардың қоры қажеттіліктің күнтізбелік бес күнінен дәріханалардың сақтау үй-жайларында - қажеттіліктің күнтізбелік отыз күнінен аспайтыны көрсетілген.
«Қажеттіліктен аспайды» деген түсіндірме, ауруханаларда есірткі құралдарының қорын барынша (нөлдік) азайту мүмкіндігін куәландырады.
Аталған жұмыстың нәтижесі бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының ассистенттік бөлмесінде есірткі құралдарының азайтылмайтын қалдығын нормативтік бекіту бөлігінде Қағидалардың 49-тармағын өзгерту және немесе толықтыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуы туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы ұсыныстар енгізді.