Оған арнайы қаражат қаралып отыр.
2020 жылы Шымкентте жаңа типті 150 контейнер сатып алуға қаржы қаралып, еуростандарттағы қоқыс жәшіктері қойылатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үй аулаларына қоқыс контейнерлерінен өзге қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер қойылған.
Қаладағы Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерін қоқыстарын тазалау жұмыстарымен «Ақсемсер-Стройсервис» мекемесі айналысады. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды "Спецавтотранспорт" ЖШС-і қолға алған.
Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.
Сонымен қатар, халық тығыз шоғырланған 8-шағын аудан, Республика даңғылы мен А.Асқаров, Б.Момышұлы және Ю.Гагарин көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қоқымша контейнелер орнатылды. Тозығы жеткен 67 контейнер ауыстырылды.