Шымкентте әйелдер белсенділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

0
74

Сонымен қатар, «Әйел Аманаты» республикалық бағдарламасы аясында іске қосылған «Қарашаш ана» өңірлік жобасы туралы баяндады. Бағдарлама аясында репродуктивтік денсаулық, бала тәрбиесі, көшбасшылық және қарым-қатынас мәдениетіне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылған.


Шымкентте әйелдер белсенділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Жиынға партия қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева, сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: Әйелдер қанатының атқарған жұмысы мен «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы.
Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева баяндама жасап, биылғы жылдың нәтижелеріне тоқталды.
«2025 жылдың басынан бері белсенді әйелдердің қатысуымен 70-тен астам іс-шара өткізілді. БАҚ пен әлеуметтік желілерде Әйелдер қанатының қызметі туралы 200-ден астам материал жарияланды. Қазір Әйелдер қанаты 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар», — деді ол.
Сонымен қатар, «Әйел Аманаты» республикалық бағдарламасы аясында іске қосылған «Қарашаш ана» өңірлік жобасы туралы баяндады. Бағдарлама аясында репродуктивтік денсаулық, бала тәрбиесі, көшбасшылық және қарым-қатынас мәдениетіне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылған.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналасып, 15 азаматша заңгерлік кеңес алған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетілген.
Әйелдер қанатының мүшелері әлеуметтік жобаларға да белсенді атсалысып жүр. Мәселен, «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында 100 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал «Тең мүмкіндіктер» инклюзивтік фестивалінің өңірлік кезеңі жоғары деңгейде өткен.
Бөлісу