Шымкентте газға уланып, ауруханаға түскен бүлдіршіндердің үшеуі үйлеріне қайтарылды

0
743

Үш бүлдіршіннің ахуалы қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан олар үйлеріне қайтарылды.


Шымкентте газға уланып, ауруханаға түскен бүлдіршіндердің үшеуі үйлеріне қайтарылды

Шымкенттегі жекеменшік балабақшада газға уланып қалған бір бүлдіршін мен олардың тәрбиешісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық гипербариялық оксигенация орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Жұрынбаева мәлімдеді.

Жанар Жұрынбаеваның сөзінше, жедел жәрдеммен жеткізілген науқастар емдеу мекемесіне орташа ауыр дәрежеде түскен. «Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген барлық науқастарға медициналық көмек көрсетілді. Бір бүлдіршін мен тәрбиешісін қарап, біз оларды ауруханаға жатқыздық. Үш бүлдіршіннің жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан олар үйлеріне қайтарылды»,- дейді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

Еске салайық, бүгін таңертең жекеменшік балабақшаға барған 4 бүлдіршін мен олардың тәрбиешісі газ иісінен уланып қалған болатын. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі 2 жасар бүлдіршіндердің газ колонкасының ақауынан шыққан табиғи газға уланғанын хабарлаған.