Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі енгізілді

0
425

Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71%-ын қамтиды.


Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі енгізілді

ERNUR.KZ. Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесін (ИКЖ) енгізу бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Бұл - көлік қозғалысын басқарудағы әлемдік тәжірибелерді біріктірген инновациялық шешім. Жүйе арқылы жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады.

Сенсорлы құрылғылар:
микротолқынды — жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтайды;
инфрақызыл жылу сенсорлары — баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылау мүмкіндігін береді;
радолокациялық — Темірлан тас жолы, Қонаев даңғылы сияқты магистрал көшелердің толық енін қамти алады.
Жүйенің нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға,
көлік қозғалысын автоматты түрде 24/7 бақылауға болады.
Жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету
қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады.
Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71%-ын қамтиды.
Артықшылықтары:
* ыңғайлы және қауіпсіз көлік қозғалысы
* кептеліс пен апаттар санын азайту
* қала тұрғындары үшін заманауи, жайлы инфрақұрылым.