Өрт 25 мамыр күні сағат 22.36 орын алған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкентте май өндіретін ірі кәсіпорын өртке оранды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылғы 25 мамыр күні сағат 22.36 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Тәуке хан даңғылы №338 "А" бойында «Қайнар-май» ЖШС-да өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсіпті. Нәтежиесінде өрт шыққан жерге Шымкент қаласы, №2 шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілген. Оқиға орнына жеткеннен кейін №2 шақыру расталмады (жойылды). Жабдықты бөлшектеу кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қалдық май жанғаны анықталды. Өрттің көлемі 70 шаршы метрді құрайды.
Сағат 23.02-де өрттің беті қайтарылып, сағат 23.29-да толығымен сөндірілген. Әбүйір болғанда, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазірде тілсіз жаудың шығу себебі мен материалдық шығынның мөлшері анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 38 қызметкері мен 9 бірлік техникасы жұмылдырыпты.