Шымкентте қайта жаңғыртылған 3 кітапхана пайдалануға беріледі

0
643

6 кітапхана модернизациядан өткізілді.


Шымкентте қайта жаңғыртылған 3 кітапхана пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында Елорда күні қарсаңында қайта жаңғыртылған 3 кітапхана ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен жыл басынан бері қаланың даму стратегиясы аясында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында Шыңғыс Жұмабекұлы шаһардың мәдени-рухани саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынғанын, бұл ретте кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Жыл басынан бері мәдениет басқармасына қарасты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымында 297 офлайн, 30 онлайн форматта, 29 көпшілік мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Ал 6 кәсіби театрда 15 премьера, 547 репертуарлық қойылым және 11 концерт сахналанды. Көрме орталығында 9 іс-шара ұйымдастырылып, 5 көрме жәрмеңкесі өтті. Бүгінге дейін шаһарда 6 кітапхана модернизациядан өткізілді. Елорда күні қарсаңында қайта жаңғыртылған 3 кітапхана ел игілігіне беріледі, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Шыңғыс Жұмабекұлының мәлімдеуінше, мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттардың 106 255 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген. Сонымен қатар, «Шымкент циркте» 33 және 5 кітапхана мекемесінде танымдық, тақырыптық, әдеби 691 іс-шара өткізілді.
Брифинг барысында спикер 41 жылдық тарихы бар қалалық зообақтағы атқарылған жұмыстарды да атап өтті.
Әлемде қазір 1500-ден астам зообақ жұмыс істеуде. Елімізде 3 зообақ бар. Зоологиялық бақтың келбеті жыл өткен сайын өзгеріп келеді. Халықтың игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан зообақ балалар мен келушілер үшін ең сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Қазіргі таңда жануарлардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалып, жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Шыңғыс Мұқан.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында офлайн форматында 18 іс-шара және 65 экскурсия жүргізілген. Ал «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде» жалпы 8 іс-шара өткізілген.