Шымкентте қайтарымсыз грантқа бизнес-жобалар қорғалып жатыр

0
58

Комиссия бизнес-жобаларды олардың өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуетіне және өндірісті дамытуға бағытталуына қарай бағалайды.


Шымкентте қайтарымсыз грантқа бизнес-жобалар қорғалып жатыр

Шымкентте әлеуметтік санаттағы тұрғындардың бизнес-идеяларын қолдауға арналған, 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легіне 822 азамат өтінім берген.

Өтінімдер 11–22 тамыз аралығында Business.enbek.kz порталында онлайн қабылданып, үміткерлер өз бизнес-жобаларын жүктеді.

25 тамыздан бастап үміткерлер порталға жүктеген жобаларын комиссия алдында офлайн түрде қорғай бастады. Комиссия отырысы 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы Еңбек мобильділігі орталығының Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілуде.
Комиссия бизнес-жобаларды олардың өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуетіне және өндірісті дамытуға бағытталуына қарай бағалайды.
Бөлісу