Жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылып, көліктегі АИ-95 маркалы бензин төгілген.
2020 жылғы 17 ақпанда сағат 12:28-де бензин тасымалдайтын машина аударылып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел кезекшілеріне төтенше жағдай туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Қаратау ауданы, Бәйдібек би көшесі, Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолында орын алған. Тасымалдау машина жалпы сыйымдылығы 23 тонналық «Камаз»(бензовоз) жүк көлігі «Гелиос» ЖШС-на қарасты. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылып, көліктегі АИ-95 маркалы бензин төгілген. Оқиға орнында өрт болған жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, қауіпсіздікті сақтау мақсатында өрт сөндірушілер төгілген мұнай өнімдеріне «Пурга-5» маркалы көбікті оқпанпен шабуыл жасады. Қазіргі уақытта төгілген жанар-жағар майдың көлемі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініңжеке құрамында 26 қызметкер, 4 дана техникасы, «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының 1 техникасы мен 3 қызметкері және Шымкент қ.Полиция департаментінің мамандары жұмылдырылды.