Шымкентте қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, ветеринариялық тексерулер жүргізілуде

0
225


Шымкентте қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, ветеринариялық тексерулер жүргізілуде

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын Шымкент қаласының 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда.

Жәрмеңкелерде 250-ге жуық тауар өндіруші, шаруа қожалықтары және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170-180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері ұсынылады.

Ветеринариялық қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмайды. Эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 110 443 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 29 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 180,6 мың бас ірі қара, жылқы және ұсақ малдардан қан сынамалары алынып, зертханалық тексерулер жасалды.
Кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 3 900 000 ш.м қора-жайлар мен ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар залалсыздандырылды, 149 700 бас ірі қара мал мен 155 320 бас ұсақ малды бүрку және тоғыту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қала аумағында қараусыз қалған және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты жұмыстар да атқарылуда. Мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштері бойынша 23 676 бас ит пен 4 010 мысық ауланып, үлгілік қағидаға сәйкес ізгілік тәсілмен жансыздандырылды.
Бөлісу