Шымкентте карантин мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды

0
947

Жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді.


Шымкентте карантин мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді.

"Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек," - делінген қаулыда.

Азық-түлік және өзге де базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30% аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады. Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.