Шымкентте карантин режимін сақтамаған караоке-клуб анықталды

0
948

Нысан иесі әкімшілік жауапқа тартылды.


Шымкентте  карантин режимін сақтамаған караоке-клуб анықталды

ERNUR.KZ. Шымкентте караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына Нұрсат мөлтек ауданың тұрғындары жертөледе орналасқан караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істегені туралы арызданған.

- Осы арыз бойынша Қаратау ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, аудандық прокуратура мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Нәтижесінде караоке-клуб карарантин режимін өрескел бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Осыған байланысты нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша жинақталған іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды, - делінген хабарламада.