Шымкентте кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан 5 жасар бала жазылып шықты

0
624

Қауіпті дерттен айыққан бүлдіршін ауруханадан шығарылды.


Шымкентте кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан 5 жасар бала жазылып шықты

Шымкент қаласында кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан бес жасар бала жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен балақайға дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды.
Қауіпті инфекцияға шалдыққан баланы емдеу үшін дәрігерлер екі аптадан аса емдеу шараларын жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген.
Еске сала кетейік, 30 шілде күні «Асар» шағын ауданындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген.
Науқас бала жеті күндей жансақтау бөлімінде жатқан. Алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған.
Емдеу шараларымен қатар мамандар инфекцияға шалдыққан баланың ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, өміріне төнген қауіпті алдын алған.
Қауіпті инфекциядан жазылып шыққан балақай енді жергілікті тіркелген емханадағы дәрігерлердің бақылауында болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада кавасаки тәріздес синдром екі баладан анықталған. Қауіпті инфекция коронавирустың асқыну салдарынан пайда болады.