​Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның прокурорлары кездесті

0
1 505

Кездесуде Ақтөбе қаласы маңында тірідей өртке оранған 52 марқұм өзбекстандықтар туралы да айтылды.


​Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстанның прокурорлары кездесті

Шымкентте бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Өзбекстан Ресаубликасы Бас прокуратура өкілдері кездесті. Кездесуге Қазақстан тарапынан Бас прокурордың бірінші орынбасары Ғ.Д.Нұрдәулетов, Бас көлік прокуроры және Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарының прокурорлары қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өзбекстандық делегция құрамында Бас прокурорының орынбасары Э.Юлдашев, Ташкент, Сырдария, Жиззақ, Науаи облыстарының прокурорлары болды. Екі елдің шенділері бас қосқан жиында қылмыстық қудалау шеңберіндегі халықаралық тапсырмаларды орындау, заңсыз еңбекке тарту, сотталған Өзбекстан азаматтарын беру мәселелері екі жақты талқыланды.

Шекарадағы өткізу-бақылау бекеттерінен автокөліктік айналым жасау да басқосудың көтерліген тақырыптардың біріне айналды. Өзбекстанның Ташкентоблысының прокурорыБаходир Пулатов өзбек елінен келетін еңбек мигранттарының қауіпсіздігі мәселесін қозғады.

Кездесуде Ақтөбе қаласы маңында тірідей өртке оранған 52 марқұм өзбекстандықтар туралы да айтылды. Қазақстан мен Өзбекстан прокуратураларының өзара әрекеттесуі, екі жақты келісімді одан әрі қарай жетілдіру, шекаралық қарым қатынас ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға алып келетіндігі айтылды.

Жиын соңында екі елдің Бас прокуратуралары өкілдері заңсыз еңбекке тартудың алдын алу, сотталғандарды беру, қылмыстық құқықтық саладағы халықаралық тапсырмаларды орындауға бағытталған бірқатар хаттамаларға қол қойылды.