Олардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Пәтер кілттерін қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов салтанатты түрде табыстады.
Пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан көп қабатты жаңа үйлерден, «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр.
Айта кету керек, бұл үйлер қолданыстағы құрылыс талаптарына сай салынып, қажет инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Пәтер иелері төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан іріктелді.
Олардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Қала әкімінің бірінші орынбасары қоныс тойын атап өткен тұрғындарды құттықтап, әрбір отбасына амандық, бақ-береке және шаңырақтарына шаттық тіледі.
Айта кетейік, жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудағы кезекті маңызды қадамы болып отыр.


