Шымкентте халықаралық сауда орталығы салынады

0
736

Бүгін сауда орталығының таныстырылымы өтті.


Шымкентте халықаралық сауда орталығы салынады

Бүгін Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шымкент» халықаралық сауда орталығының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айтулы шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, сөз сөйледі.

Шымкентте халықаралық сауда орталығының салынуы үлкен оқиғаға айналмақ. Мұндай орталықтардың міндеті — жергілікті тауар өндірушілерге өз тауарын халықаралық нарықтарға шығарып, тиімді бағамен сатуға көмектесу. Сол арқылы қаламыздың алыс-жақын шетелдермен өзара сауда айналымын арттырып, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік бар. Өткен жылы Шымкент қаласында сауда көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен. Шаһарда 800-ден астам тауарөндіруші бар. Халықаралық сауда орталығы осы компаниялар үшін тиімді алаңға айналады, — деді Мұрат Әйтенов.
Жиында «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов пен бірқатар шетелдік сауда орталықтары мен ірі компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.