Шымкентте халықпен кері байланыс орнату жүйелі жолға қойылған

0
981

Қала әкімі ай сайын тұрғындарды онлайн жеке мәселелері бойынша қабылдаса, апта сайын түрлі тақырыпта өзінің парақшасында тікелей эфирге шығып тұрады.


Шымкентте халықпен кері байланыс орнату жүйелі жолға қойылған

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату жүйелі жолға қойылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған басшылық өкілдері тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде байланысып отырады.
Қала әкімі ай сайын тұрғындарды онлайн жеке мәселелері бойынша қабылдаса, апта сайын түрлі тақырыпта өзінің парақшасында тікелей эфирге шығып тұрады. Жыл басынан бері 11 рет тікелей эфирге шыққан болса, әкім және оның орынбасарлары 70 рет онлайн кездесу өткізіп, онда 555 тұрғынды қабылдаған.

Одан бөлек соңғы 2 айда аудан әкімдері мен басқарма басшылары 25 рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берген. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, жоспарлармен бөлісіп отырады.