Шымкентте кітапхана саласының дамуы жанжақты жүргізілді

0
68

2025 жылы кітап қорын толықтыруға 43,5 млн теңге қарастырылып, 10 875 дана жаңа кітап алынған, оның 8 005-і қазақ тіліндегі басылымдар.


Шымкентте кітапхана саласының дамуы жанжақты жүргізілді

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қаланың кітапхана саласында ауқымды жұмыстар атқарылған. Қала бойынша 6 кітапхана және олардың 37 филиалы қызмет көрсетеді.

Өткен жылы оқырмандар саны 297 894 адамды құрап, 1857 көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, кітап қорлары 21 943 дана жаңа кітаппен толықтырылды. Қаланың жалпы кітап қоры 1 846 216 данаға жетіп, оның 636 458-і қазақ тіліндегі басылымдар.
Кітапханаларға келушілердің жалпы саны 1 957 904 адамға жетіп, кітап берілімі 4 066 994 данаға тіркелді. 2025 жылы кітап қорын толықтыруға 43,5 млн теңге қарастырылып, 10 875 дана жаңа кітап алынған, оның 8 005-і қазақ тіліндегі басылымдар.
Шымкент қаласында кітапхана саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, оқырмандар үшін қолжетімділікті арттыру мен мәдени мұраны сақтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Бөлісу