Шымкентте қоғамдық көліктердің тасымалдау уақыты ұзартылды

0
588

№27, 35, 74, 84, 103 маршруттардың жұмысы сағат 07:00 - дан 22:00-ге дейін ұзартылды.


Шымкентте қоғамдық көліктердің тасымалдау уақыты ұзартылды

Шымкент қаласында кейбір қоғамдық көліктердің тасымалдау уақыты ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте жолаушылар көлігі саласын оңтайландыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы қызмет сапасы да дұрыс жолға қойылып келеді.
Солардың бірі жолаушыларға қолайлы болу үшін Шымкентте №27, 35, 74 , 84, 103 маршруттардың жұмысы сағат 07:00 - дан 22:00-ге дейін ұзартылды.
Аталмыш маршруттар бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қағидасына сәйкес және Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы негізінде 21 маусымнан бастап « T - Bus » ЖШС - гі қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, мегаполисте 77 бағыт бойынша, 880 қоғамдық көлік бар.