​ШЫМКЕНТТЕ "КӨЛ" ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
457

Жылдар бойы қараусыз қалған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналды.


​ШЫМКЕНТТЕ

Жергілікті тұрғындар "Көл" атап кеткен демалыс аймағы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанда болып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Жылдар бойы қараусыз қалған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналды.Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды. Көгалдандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүргізілді. Су қоймасы
толтырылып, субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге бетон төселіп, 350 шаршы метр
гранит жаңаланған.
Бұл жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылды. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, демалыс аймағын таза ұстап, ұқыпты қарауға шақырды.