Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90-ға жетті

0
582

Індет жұқтырғандардың барлығы қала тұрғындары.


Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90-ға жетті

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90-ға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы рет бұл індетпен ауырған 7 науқас тіркелген болатын.

Ауру жұқтырғандар 1996 ж, 1972 ж, 1983 ж, 1973 ж, 1994 ж, 1986 ж, 1990 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 90 адам анықталды.