​ШЫМКЕНТТЕ «КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» САЛАСЫНЫҢ 5 БАСЫМ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

0
350

30-дан астам креативті индустрия бағытының өкілі қатысуда.


​ШЫМКЕНТТЕ «КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» САЛАСЫНЫҢ 5 БАСЫМ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

ERNUR.KZ. Бүгін Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен «Creative Industry of Shymkent» халықаралық форум-көрмесі өтуде.

Іс шараға еліміздің Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов және 30-дан астам креативті индустрия бағытының өкілі қатысуда.
Вице-министр Ержан Мәлікұлы қаланың туристік маңызы жоғары екенін атап өтті.
«Шымкент – Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын торап болып табылатын ірі қала. Қаланың өзіндік бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін тірек туристік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар», – деді Е. Еркінбаев.
Мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталған қала басшысының бірінші орынбасары креативті индустрияның 5 басым бағыты айқындалғанын жеткізді. Олар: кино және анимация, дизайн және сән, IT және геймдевелопмент, сондай-ақ, халық қолөнері мен музыка.
Форум-көрме аясында питчинг, яғни креативті жобаларды қорғау мен таныстыру арқылы, инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ Шымкент қаласында креативті индустрия бағытын дамыту мақсатында бірқатар меморандум жасалады.
Айта кетейік, былтырдан бастап қалада кәсіпкерлерге 5 жылға дейін 1%-бен 10 млн теңгеге дейін несиелеуді қарастыратын «Іскер қала» өңірлік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында креативті индустрия субъектілеріне ғимаратты жалға алудың бір бөлігін субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау қарастырылған. Осы бағытта 2024 жылы креативті хаб ашу жоспарланған. Онда түрлі шеберлік сабақтарын, арнайы шоу-рум, шығармашылық кештер мен кездесулер өткізуге болады. Жалпы, осыған дейін түрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы мегаполисте 11 кәсіпкер қаржылай қолдауға ие болып отыр.