Шымкентте құйынды желдің салдары жойылып жатыр

0
513

Оқиға салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Шымкентте құйынды желдің салдары жойылып жатыр

Шымкентте қатты желдің салдары жойылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 3 мамыр күні сағат 13:55-те Тұран ауданында қатты желдің салдарынан Темірлан тас жолында 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумақта жартылай бұзылуы орын алды. Нәтижесінде адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаптаманың бөлігін бекіту бойынша жұмыстар жүргізді. Төтеншеліктердің мәліметінше, азаматтарға қауіп жоқ.

Сондай-ақ, 4 мамыр күні 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан жеңіл автокөлікке ағаш құлады.

Айта кетейік, аталған оқиға салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.