Шымкентте құрылыс сапасына қатысты әкімшілік құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды

0
494

Құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Шымкентте құрылыс сапасына қатысты әкімшілік құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты - 68 құрылыс нысаны бойынша 177 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айыппұлдың жалпы көлемі 37 432 734 теңге, өндірілгені - 28 645 546 теңге.

Құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 125 500 теңгенің 1 587 500 теңгесі өндірілген.
Ал үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша - 9 тұрғын үй кешеніне қатысты 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа негізінен қарау үшін жолданды. Сот шешімдері негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы - 7 420 920 теңге, өндірілгені- 7 420 920 теңге.