16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен болатын.
ERNUR.KZ. Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкей ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
ІІДмәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР ҚК –нің «бұзақылық» бабымен Сотқа дейінгі тергеп –тексеру тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынды.
Айта кетейік, Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен болатын. Оқыс жағдай 16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында «Достық» шағынауданында болған.
Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүргенде қымбат көлік мінген азамат «бұл жерге мал бақпа» деп ескерту жасаған. Алайда, ешнарседен қауіптенбей малын бағып жүре берген,аз уақыт өткен соң қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атып, жаралап кеткен.