Шымкентте МӘМС аясында 174 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде

0
59

Оның 34-і мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік ұйымдар.


Шымкентте МӘМС аясында 174 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 174 медициналық ұйым тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.

Оның 34-і мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік ұйымдар. Барлық мекемелер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарт негізінде жұмыс істеп, көрсетілген қызметтің көлемі мен сапасына сәйкес қаржыландырылады.

Медициналық ұйымдарға қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін төленеді.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қор тарапынан Qalqan цифрлық платформасы енгізілген. Бүгінде Шымкенттегі барлық медициналық ұйым осы жүйеге толық көшкен. Платформа медициналық қызметтердің нақты көрсетілгенін растауға, қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауға және есептіліктің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Qalqan дәрігерлердің жұмысына немесе емдеу процесіне араласпайды, оның негізгі міндеті – көрсетілген қызметтердің шынайылығын растау.
Бөлісу