Шымкентте МӘМС аясында медициналық қызметке қолжетімділік артып келеді

0
54

Биылғы жылдың алғашқы бес айында тұрғындарға 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.


 Шымкентте МӘМС аясында медициналық қызметке қолжетімділік артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Бүгінде қалада МӘМС шеңберінде 174 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық мекемелер. Барлығы Қормен жасалған келісімшарт негізінде жұмыс істеп, көрсетілген қызмет көлемі мен сапасына қарай қаржыландырылады.
Биылғы жылдың алғашқы бес айында тұрғындарға 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар 55 мыңға жуық пациент стационарлық ем қабылдаса, 16 мыңға жуық адам күндізгі стационар қызметін пайдаланған. Бұл қызметтердің басым бөлігі МӘМС қаражаты есебінен қаржыландырылды.
Медициналық оңалту бағыты да қарқынды дамып келеді. Қаладағы 30-ға жуық медициналық ұйымда көрсетілетін оңалту қызметін бес айда 7 мыңға жуық азамат алған. Әсіресе инсульттен кейінгі, кардиохирургиялық операциялардан соңғы және созылмалы аурулары бар пациенттер үшін бұл көмектің маңызы зор.
Қазіргі таңда Шымкентте 1 миллион 78 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Бұл қала халқының шамамен 85 пайызын құрайды. Мамандардың айтуынша, жүйенің басты мақсаты – тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасау.
Бөлісу