ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2000-ға жуық адамға оңалту шараларын көрсеткен.
Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде.
Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.
Еске сала кетсек, саланы жетілдіру мақсатында мемлекет басшысы бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды. Ол медициналық деректерді үйлестіру, алмасу және басқару үшін жағдай жасауды, қайталану және қателік тәуекелдерін азайтуды, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуды және пациенттердің жеке деректерін жариялаудан жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін баса айтқан болатын.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді", - деді Президент.