Шымкентте мектеп оқушылары жаппай уланды

0
2 127

Белгісіз иістен уланған 22 бала, 1 мұғалім, 1 тазалықшы ауруханаға түсті.


Шымкентте мектеп оқушылары жаппай уланды

Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданында орналасқан 54-ші мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Белгісіз иістен уланған 22 бала, 1 мұғалім, 1 тазалықшы ауруханаға жеткізілген. Тағы да 12 оқушы медициналық көмекке жүгінген. Барлығы 39 адам. Барлығының жағдайы жеңіл дәрежелі деп сараланған. Ауыр дәрежелі уланғандар жоқ. Кешкі сағат 21-ге дейін 33 адам үйлеріне қайтарылған. Ауруханада алты бала ғана ем алуды жалғастырып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жаппай улануға себеп мектеп аумағынан тыс болуы ықтимал. Оқиға орнынан 100 адам, яғни оқытушы құрам мен техникалық қызметкерлер, 877 оқушы эвакуацияланған. Сабақ бірден тоқтатылған.

Оқушылардың сөзіне қарағанда газға ұқсас иіс мектептің үшінші қабатындағы ашық тұрған терезелерден де тараған. Автономды жылыту қазандығы мектептен елу метр қашықтықта орналасқан. 26 градус жылы ауа райына байланысты табиғи газбен жылыту тоқтатылған екен.
Уланудың нақты себебі әлі нақтыланған жоқ.