Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

0
521

Олар спорт түрлерінен сайысқа түсті.


Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту - ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV, волейболдан I, жүзуден I, шахматтан I, гір тасын көтеруден VII, үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I, ал, жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.