Шымкентте мереке күндері қоғамдық орындарда тексеріс күшейтіледі

0
2 378

Кафе-бар, ресторандар және басқада ойын-сауық мекемелерінің аумақтарында қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қадағалайды.


Шымкентте мереке күндері қоғамдық орындарда тексеріс күшейтіледі

Шымкент қаласында Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша түрлі іс-шара жүргізеді, деп

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қадағалауға 404 патрульдік полиция полкінің қызметкрлері жұмылдырылды. Қала аумағында орналасқан барлық кафе-бар, ресторандар және басқада ойын-сауық мекемелерінің аумақтарында қоғамдық тәртіпті жалпы 328 учаскелік полиция инспекторлары қадағалайды. Сонымен қатар 6506 әскери бөлімінің 231 сарбазы жаяу патрульдеуде қызмет атқарады.
Кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі 110 полиция инспекторлары түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-аналарсыз үйлерінен тыс жерде жүруге тыйым салу мақсатында үнемі рейдтік шаралар жүргізуде.
Мереке қарсаңында тұрғындарды карантин шаралары мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын қатаң ұстануға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз мүліктеріне сақ болуға шақырады.