Шымкентте мониторингтік топтар саны артты

0
748

Қаратау ауданындағы мониторингтік топтың саны онға артты.


Шымкентте мониторингтік топтар саны артты

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты шектеу шараларын күшейту жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданындағы мониторингтік топтың саны онға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес, бүгінде Қаратау ауданы аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін кез келген іс-шараларды туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар өткізуге тыйым салынды.
Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да қысқартылды. Енді олар келушілерге сағат 20.00-ге дейін ғана қызмет көрсете алады. Онда да жасақталған орындардың жартысына ғана отырғыза алады.
Ал «Аshyq» жобасына қатыспайтын ойын-сауық орталықтары, бильярд, компьютер клубтары мен букмекерлік кеңселердің жұмысы мүлдем тоқтатылды.