Шымкентте мыңнан астам жұмыс орнына аттестациялау жүргізілді

0
568

144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.


Шымкентте мыңнан астам жұмыс орнына аттестациялау жүргізілді

Шымкентте 1009 жұмыс орнына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 1009 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді.
Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Сонымен қатар, өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Айта кететін жайт, бұл ҚР Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңының 8 бабына сәйкес, Жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Шымкент қаласының 7558 әрекеттегі компанияларының 2538-ы ғана сақтандыру келісім шарттарын жасаған.

Айта кетейік, мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді.

Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды.