Шымкентте Наурыз мерекесіне орай бірреттік көмек берілуде

0
534

Бірреттік көмек кімдерге арналған?


Шымкентте Наурыз мерекесіне орай бірреттік көмек берілуде

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне орай бірреттік көмек беріліп жатыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек берілуде.
Бұл әлеуметтік қаржылай төлем Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бөлінуде.