Шымкентте оқушы қызға қол жүгірткен 56 жастағы ер адам айыппұлмен құтылды

0
210


Шымкентте оқушы қызға қол жүгірткен 56 жастағы ер адам айыппұлмен құтылды

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Үшінші сыныпта оқитын жеткіншекті аймалап, арам ойын іске асырмақ болған 56 жастағы ер адам сот залынан босатылды. Арам ойын іске асырмақ болғаны бейнекамераға жазылса да, 216 мың теңге айыппұлмен жазадан құиылмақ, деп жазады Stan.kz.

Сәуір айында көпқабатты үйдің кіреберісінде 56 жастағы ер адам көршісінің кішкентай қызына тиісіп, қол жүгірткен. 8 жастағы оқушының денесін ұстап, қарсылығына қарамастан көтеруге ұмтылған. Бірақ жеткіншек қашып үлгеріп, баспананың шатырына бір-ақ шыққан дейді анасы.

“Қызым қашқан кезде 9-шы қабатқа қашқан да шатырға шыққан. Артынан зуылдап жетіп барған. Ол қалып қоймаған. Шатыр жабық болған. Тоғызға түскен кезде әйелдер көріп қалғанда ол кісі қасында тұрған. Ол әйелдер ұрысып, қуып жібергеннің өзінде астына түсу үшін қызымды лифтінің ішінде күтіп тұрған”, – дейді қыздың анасы.

Әйел азғындық жасамақ болған адамның тек айыппұлмен жазадан құтылып кеткенімен келіспейді. Себебі, алғашында "16 жасқа толмаған адамға азғындық жасау" дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген. Алайда сотта іс мүлдем басқа бапқа ауысқанын түсіне алмадым деп ашынады.