ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛЕДІ: мегаполистің өнеркәсіптік әлеуеті күшейіп келеді

0
80

Жоба толық іске асқанда 700 жаңа жұмыс орны ашылады, оның 350-і бірінші кезеңде құрылады.


ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛЕДІ: мегаполистің өнеркәсіптік әлеуеті күшейіп келеді

Соңғы жылдары Шымкентте көптеген жаңа өндіріс орындары іске қосылып, қаланың өнеркәсіптік әлеуеті айтарлықтай нығайып келеді.

Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы өндірісті әртараптандыруға, отандық өнім көлемін арттыруға және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Нәтижесінде тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.

Жақында ғана ашылған «Shymkent Qagazy» ЖШС-де 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын макулатураны қайта өңдеп, картон қаптама өндірумен айналысады. Инвестиция көлемі – 2,5 млрд теңге. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сапалы картон қаптама өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал «Жұлдыз» индустриялық аймағында «ORDA NS BUILDING» ЖШС жүзеге асырған шағын және орта бизнеске арналған өнеркәсіп аймағында кәсіпкерлерге дайын өндірістік алаңдар ұсынылып, жалпы аумағы 50 мың шаршы метрге дейін өндірістік ғимараттарды орналастыруға мүмкіндік жасалған. Инвестициялық жобаның құны – 13 млрд теңге. Оның ішінде алғашқы кезеңге 8,3 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл жаңа өндірістердің іске қосылуын жеделдетіп, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады.
Алюминий профильдерін шығарумен айналысатын «Himmel Aluminium» зауытының жалпы инвестиция көлемі – 3,5 млрд теңге. Өндіріс толық жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 3,8 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін өндіруге мүмкіндік береді және 80 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, импортты алмастыруға және отандық металл өнімдерінің үлесін арттыруға ықпал етеді.
«Wan Sheng Ceramic» ЖШС тәулігіне 25 540 шаршы метр керамогранит өндіреді. Бүгінде бірінші кезеңі іске қосылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 25,5 млрд теңге. Оның ішінде бірінші кезеңге 13 млрд теңге, екінші кезеңге 12,5 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Жоба толық іске асқанда 700 жаңа жұмыс орны ашылады, оның 350-і бірінші кезеңде құрылады.
Бөлісу